
Таиланд бірқатар мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстан азаматтары үшін визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартады. Тиісті шешім 15 қыркүйекте күшіне енеді.
Енді қазақстандықтар Таиланд аумағында елге кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз бола алады, бұл ретте әрбір 180 күндік кезең ішінде болудың жиынтық мерзімі 90 күнтізбелік күннен аспауға тиіс. Елде 30 күннен астам уақыт болу қажет болған жағдайда, тиісті визаны алдын ала рәсімдеу қажет.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


