Келес ауданында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы өтті. Ауқымды шараға аудан әкімі мен еріктілер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Акцияның негізгі мақсаты — табиғатты аялау мен экологиялық мәдениетті дамытуға қоғам назарын аудару.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Ережеп Тұрғынбайұлы




