17-қыркүйек – «Дүниежүзілік тазалық күні». Жыл сайын өтетін бұл экологиялық акция аясында, Сарыағаш ауданының жастарын біріктіре отырып, аумақты қоқыстан тазарту бойынша жалпы экосайыс ұйымдастырылды. Бұл экосайысқа «Қапланбек» жоғары аграрлық-техникалық және «Арыстанбаб» жоғары колледжінің ерікті жастары бірлесіп, өздері оқитын оқу орнының аумағын қоқыстардан тазартуға қатысты.
Авторлар: Хусниддин Хасанұлы, Ерлан Сәрсенбеков