Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Игі бастамаға аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен арнайы техникалар жұмылдырылды. Мақсат – қоршаған ортаны таза ұстау, елді мекендердің көркін арттыру және тазалық мәдениетін қалыптастыру. Ауданның әр аймағында ұйымдастырылған жұмыстарға тұрғындар белсенді қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Құдайберген Сапаров





