Алда келе жатқан Президент сайлауына өзiмiздiң азаматтық жауапкершілігімізді танытып, елдiң ертеңіне бей-жай қарамайтынымызды көрсетіп, сайлауға біркісідей қатысып, өз таңдауымызды жасауымыз тиiс. Осылай деген Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасына қарасты, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Келес аудандық филиалының басшысы Полатбек Қасымбекұлы, көпшiлiктi 20-қарашада болатын сайлауға белсендi қатысуға шақырды.
Авторлар: Қуаныш Амангелдіұлы, Ерлан Сәрсенбеков