
Әлеуметтік желіде Алматыдағы саябақтардық бірінде бір топ жасөспірім қыздың тұрғындарға тиісіп, тас лақтырғаны түсірілген видео қызу талқыға түсті.
Видеодан оқиғаның 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ аумағында болғанын байқауға болады.
Алматы қалалық полиция департаменті аталмыш оқиға бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


