
Суданның Батыс Кордофан штатында алтын кенішінің опырылуы салдарынан кемінде 67 адам қаза тапты. Бірнеше адам үйінді астында қалып отыр.
Судан дәрігерлер одағының мәліметінше, іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Қаза тапқандар саны артуы мүмкін.
Оқиға Беракик ауданындағы Зера заңсыз алтын кенішінде болған. Бұл аумақты Судан армиясына қарсы соғысып жатқан Жедел қолдау күштері (RSF) бақылап отыр.
Дереккөз: @baq_kz


