Сот қызметкерлері – сот жұмысының айнасы. Қоғамдағы заң үстемдігін толықтай қамтамасыз етіп, мемлекет атынан адам тағдырын тепе-теңдік жағдайда шешетін, қара қылды қақ жарған ең мәртебелі лауазым иелері өздерінің төл мерекесін Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет арнаулы датада тойлайын деп отыр. Талай жылдан бері күрмеулі мәселелерді тереңінен зерттеп, әрбір істің ақ қарасын ажыратып, әрдайым әділ шешім қабылдап келе жатқан Келес аудандық сотының мамандары да барша әріптестерін 24 маусым “Судья және сот қызметкерлері” күнімен құттықтады.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Асан Қазақбаев