Сарыағаш ауданына қарасты Дихан баба ауылында солтүстік өңірлерден келген делегация тұрғындармен кездесу өткізді. Жиын барысында қоныс аудару бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, солтүстік облыстардағы мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат берілді. Шараға жергілікті тұрғындар қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Айдос Дәулет





