Сенат соңғы пленарлық отырысын өткізді

Фото: @senate_kz

Бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның қорытынды отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысының реформаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалды және бірқатар маңызды заңдар мақұлданды.

Мәулен Әшімбаев биыл Қазақстан Парламентінің 30 жылдығы аталып өтіп жатқанын айта келіп, осы уақыт ішінде Парламент өкілді демократияның негізгі институтына айналғанын және ел өмірінің барлық негізгі саласын қамтитын маңызды заңдарды қабылдағанын атап өтті.

Сондай-ақ ол еліміз үшін тағдыршешті кезеңде Сенат депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімін жоғары бағалайтынын жеткізді және жаңа Конституцияны толық іске асыру мен Әділетті Қазақстанды құру жолында барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштердің бірігуі аса маңызды екеніне тоқталды.

Дереккөз: @senate_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар