
Семей қаласында бала абайсызда мысықты кір жуғыш машинаға салып, салдарынан жануар қаза болған.
Оқиға туралы әйел әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, онда ұлының мысықты техника ішіне салып жібергенін айтқан.
Аталған жайтқа байланысты полиция тексеру жүргізді.
Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, тексеру барысында оқиғаның абайсызда болғаны анықталған. Осыған орай, үй жануарының иесі жануарларға жауапкершілікпен қарау талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қолданыстағы заңға сәйкес, әйелге 10 АЕК көлемінде, яғни 43 250 теңге айыппұл салынды.
Полиция өкілдері жануарларға жауапкершілікпен қарау әр азаматтың міндеті екенін ескертті.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


