
Астана полициясы 27 жастағы ер адамды ұстады.
️Зардап шеккен қыздың туыстарының айтуынша, 29 шілдеде таңертең белгісіз ер адам оған саябақта артынан келіп шабуыл жасаған және күш қолданбақ болған. Қыз қарсылық көрсетіп, қатты айқайлағаннан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші оның видеосын түсіріп үлгерген. Оқиғадан кейін полицияға арыз берілген.
Тәртіп сақшылары оны ұстап, полиция бөліміне жеткізген. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полицияның мәліметінше, ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Іс материалдары соттың қарауына жолданды.
Дереккөз: 24kz


