Жаңа жыл – кіп-кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш пен шаттық сыйлайтын ерекше мейрам. Ертегілер еліне бір сәтке саяхаттау мүмкіндігін беретін ғажайып шақ. Айтулы мерекеге орай, қаламыздағы #78 жалпы орта мектебінде балаларға арналған жаңа жылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды. Қызыққа толы шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев та арнайы қатысып, балаларды жаңа жылмен құттықтады.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Аман Асылбек