
Бүгін Сарыағаш ауданында өтіп жатқан сайлауда азаматтар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, белсенді түрде дауыс беруде.

Сайлау учаскелеріне ең жас және ең қарт сайлаушылар келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл – әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамайтынының айқын көрінісі.

Сонымен қатар, сайлау учаскесіне 500-інші болып келген сайлаушыға арнайы сыйлық табысталды.

Мұндай ерекше сәттер сайлау күнінің маңызын арттырып, азаматтардың белсенділігін көтеруге бағытталған.

Әр дауыс – маңызды. Әр таңдау – жауапкершілік!





