Сарыағаш ауданында отызға жуық жас жігіт әскер қатарына салтанатты түрде шығарып салынды. Олардың азаматтық борышын өтеуге аттануына орай ұйымдастырылған шараға ата-аналарымен қатар аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев, әскери сала өкілдері мен Ауған соғысының ардагерлері қатысты. Жиында ел азаматтары жас сарбаздарға ақ жол тілеп, ел алдындағы жауапкершілікті абыроймен атқаруға шақырды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы





