Самокат тізгіндейтіндерге жаңа шектеулер қойылды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қазақстанда электрсамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне ресми түрде тыйым салынып, оларды басқару ережелері қатаңдатылды.  

Бұл туралы елдегі жол-көлік оқиғаларының күрт өсуіне байланысты Бас прокуратура ескерту жасап, жаңа заңнамалық талаптарды еске салды.  

Жыл басынан бері елімізде мопед жүргізушілерінің кінәсінен 390 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 33 адам қаза тапты және 461 адам жарақат алды. Сондай-ақ велосипедшілердің кінәсінен 169, шағын электр көлік құралдарын басқарушылардың кесірінен 97, ал электрсамокат жүргізушілерінің кінәсінен 47 жол-көлік оқиғасы орын алған. Өкінішке қарай, осы апаттардың салдарынан 329 кәмелетке толмаған бала зардап шегіп, 10 бала көз жұмды.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар