Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен маңызды семинар-кеңес өтті. Семинарға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ермекбай Өтешов, төраға орынбасары Әбубәкір Сапаров, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссиясының төрағалары қатысты. Семинардың басты мақсаты – сайлау үдерісінің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстарды одан әрі күшейте түсу.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Нұрдәулет Жолбарыс