
Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің кіріс бөлігі толық көлемде атқарылды. Ал мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемесі уақытылы қаржыландырылды. Бұл жөнінде Үкімет отырысында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.
Трансферттерді есепке алмағанда, республикалық бюджет кірістері 8,5 трлн теңгеге немесе 100,6%-ға жетті. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кірістер 1,7 трлн теңгеге немесе 24,6%-ға өсті. Салық түсімдері 8,3 трлн теңге немесе 100,3% болды. Өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда, салық түсімдері 1,9 трлн теңгеден асып, 29%-ға өсті, – деді ол.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


