Қоқыстан тазарту… Жаз шыға салып, қыс түскенше айтылар сөздердің біріне айналды. Қоқыс қапшығы, пластик бөтелкелер, тіпті өлген мал да қала іргесіндегі Рамадан каналының суын бітеп, күлімсі иісінен тұрғындар тұншығып отыр. Сарыағаштықтар тау боп үйілген қоқыс қалдықтарының сасық иісінен аяқ алып жүру мүмкін емес деп ашынады. Қала тазалықтан жұрдай ма әлде мердігер компанияның жұмысына салғырттығы ма? Бұл мәселені шешу үшін әкімдік тұрғындарға қандай көмек көрсетеді?
Авторлар: Майра Нұрмахан, Ережеп Тұрғынбайұлы