
Елордада «Qyran» тұрғын үй кешеніндегі жылжымайтын мүлікті сату кезіндегі алаяқтық ісі бойынша үкім шықты. Сот «International Invest Company IIC» ЖШС-нің 4 қызметкерін кінәлі деп танып, 8 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті тергеу барысында сотталғандардың сатып алу-сату шарттарын жасасудың орнына мемлекеттік тіркеуге жатпайтын әрі сатып алушыларға меншік құқығын бермейтін брондау шарттарын, кепілақы туралы келісімдер мен алдын ала шарттарды рәсімдегенін анықтады.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


