ПРЕСС-АНОНС

2022 жылғы 3 желтоқсанда Алматы қаласында  «Шертпе күй» республикалық дәстүрлі музыка фестивалінің финалы және Гала-концерт өтеді.

Шараға байқаудың финалистері, мәдениет пен өнердің көрнекті өкілдері, сондай-ақ шығармашылық ұжымдар қатысады. Сондай-ақ, Гала-концертте Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев жеңімпаздарды құттықтайды.

Айта кету керек, байқаудың бас жүлде иегеріне 1 млн теңге, бірінші орын иегеріне 750 мың теңге, екінші орын иегеріне 500 мың теңге, үшінші орын иегеріне 300 мың теңге сыйлықақы беріледі.

Өтетін орны: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 83 (Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің концерт залы)

Басталуы: сағат 19:00

БАҚ аккредиттеу және қосымша ақпарат: +7 701 914 55 88 (Гаухар Омарбек, ҚР МСМ БАҚ өкілдерімен жұмыс департаментінің директоры).

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар