
ҰЭМ деректері бойынша бүгінгі таңда Алатаудың Бас жоспарына түзету енгізілді, инженерлік желілердің салалық схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және инфрақұрылымдық дамудың Жол картасы бекітілді.
Жол картасының бірінші кезеңі 365,1 млрд теңге сомасына 21 жобаны жүзеге асыруды көздейді. 2026-2027 жылдары қосалқы станцияларды, су жинау торабын және газ құбырларымен қатар, инженерлік инфрақұрылымның қолданыстағы нысандарын реконструкциялау мен жаңа объектілер салу жоспарланған.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


