Польшада жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің мәйіті табылды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Екатерина Шилованың әпкесі оны өлтірді деген күдіктінің ұсталғанын айтты. Қазір отбасы қазақстандық әйелді жерлеу үшін қаражат жинап жатыр.

Ол екі жыл бұрын Талдықорғандағы агент арқылы Варшаваға кір жуушы болып жұмыс істеуге кеткен. Сонда Украинадан келген ерлі-зайыптыдан бөлме жалдап тұрған.

Әйел 18 ақпанда Қазақстанға қайтуы керек еді. Алайда әуежайға барамын дегеннен кейін байланысқа шықпаған.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp