
Батыс Қазақстан облысында полигоннан шприцтер, биоматериалы бар сынамалар және медициналық қалдықтарға толы қаптар табылды.
Қауіпті заттар Байқоныс ауылындағы қоқыс алаңынан анықталды. Қалдықтың бір бөлігі су айдыны маңына көмілген. Ауыл тұрғындарының шағымынан кейін елдімекенге полиция қызметкерлері мен санитарлық мамандар келіп, аумақ қоршалды. Зарарсыздандыру жұмысы жүрді.
Көмілген медициналық қалдықтың салмағы 144 келі тартқан. Тергеу амалдары басталды.
Дереккөз: 24kz


