Жыл сайын жаңажылдық мерекелер уақытында өрт оқиғалары орын алып жатады. Олардың туындау себептері пиротехникалық бұйымдарды пайдалану болып табылады. Оны абайсыз қолдану салдарынан балалар түрлі күйіктер мен жарақаттар алатыны анық. Келес ауданында осындай оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында және «Әуес» базарының ішінде заңсыз пиротехника бұйымдары сатылмай жатқанына көз жеткізу үшін рейдтік іс-шара өтті. Толығырақ тілшіміз Хусниддин Хасанұлы айтып берсін.
Бәрімізге белгілі, жаңа жыл жақындай бастағаннан базарлар мен дүкендер пиротехника бұйымдарына толып кетеді. Оларды пайдаланушы халықтың саны да тым көп. Қолдану барысында қауіпсіздік ережелін сақтамаған жағдайда түрлі оқыс оқиғалар орын алуы мүмкін. Отшашу заттарын пайдалануға түбегейлі тыйым жоқ. Алайда, қолдану барысында арнайы нұсқаулықтар мен өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет. Міне, осыған орай, Келес аудандық жергілікті полиция, Абай ауылы әкімшілігі мен Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары «Әуес» базарында рейдтік іс-шара өткізді.
Мобильді топ базар ішін аралап, дүңгіршетердегі саудагерлерге нұсқаулық қағаздарын тарқатып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, отшашу құралдарын пайдалану барысында сақ болуға шақырды.
Хайрулла Кеңесов, Келес аудандық ТЖБ басшысы
Өткен жылы дәл 31-желтоқсаннан 1-қаңтарға қараған түні 3 өрт оқиғасы орын алған екен. Сондықтан «Пиротехника бұйымдарын заңсыз сату жағдайында айыппұл салынады»,- дейді, жергілікті полиция бөлімінің инспекторы.
Бақтияр Рахимов, Келес ауданы Абай ауылы жергілікті полиция бөлімінің инспекторы
«Ағаш бұтақтарының, электр беру желілерінің астында және жанғыш заттардың қасында отшашуды қосуға және пиротехниканы қосу барысында оған еңкеюге болмайды»,-дейді, Абай ауылы әкімшілігінің маманы.
Марат Үсенов, Келес ауданы Абай ауылы әкімшілігінің маманы
Мобильді топ мүшелерінің айтуынша, алдағы уақытта мұндай рейдтік іс-шаралар күнделікті жүргізілмек. Пиротехника құралдарын сатып алып, ақшаны ауаға ұшырғаннан гөрі, оны отбасыңыз бен жақындарыңызға жұмсауға кеңес береміз.
Хусниддин Хасанұлы, Дінислам Тәліпбай
Материалдарды толық және ішінара көшіріп алуға тыйым салынған. Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, ресурсқа сілтеме беріңіз.