Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамнан тыс өмір сүрмеуі қажет. Оларға қолдау көрсетіп, демеп отыру маңызды. Айтпағымыз, Сарыағаш ауданында жаңадан оңалту орталығы ашылды. Аталған кешенде ата-аналар денсаулығында кемтарлығы бар бүлдіршіндерін емдете алады. Ондағы мамандар нәтиженің көрінуіне бір ай уақыт қажет деп отыр. Аталмыш орталықтың ашылу салатанатына арнамыздың түсірілім тобы қатысып қайтқан болатын.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ерлан Сәрсенбеков