«Оқуға қабылдандыңыз»: ІІМ жалған SMS-хабарламалар тарап жатқанын ескертті

Фото: Скрин

Ішкі істер министрлігі талапкерлердің ІІМ-нің ведомстволық білім беру ұйымдарына оқуға қабылданғаны туралы жалған SMS-хабарламалардың тарап жатқанын мәлімдеді.

Аталған хабарламалар – жалған ақпарат және олардың Ішкі істер министрлігіне ешқандай қатысы жоқ. Қазір қабылдау науқаны әлі де жалғасып жатыр. Іріктеудің барлық кезеңі аяқталған жоқ.

Қабылдау белгіленген мерзімге сәйкес, 15–25 шілде аралығында жүзеге асырылады. Қабылдау науқанының қорытынды нәтижелері конкурстық іріктеудің барлық кезеңі аяқталып, қабылдау комиссиялары тиісті шешім қабылдағаннан кейін ғана «Qyzmet police» ақпараттық жүйесіндегі талапкердің жеке кабинетінде жарияланады.

«Qyzmet police» ақпараттық жүйесі талапкерлердің оқуға қабылданғаны туралы SMS-хабарламалар жібермейді,-делінген хабарламада.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар