Бұдан былай мектептерде бастауыш сынып оқушылары түгелдей тегін тамақтанады. Бұл өзгерістер жаңа оқу жылынан бастап енгізіліп отыр. Мамандардың сөзінше, бұл өзгеріс балалардың бойында ерте жастан дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға серп болатындығын айтады. Осыған орай әріптесім Фариза Мүсілім өңіріміздегі І.Жансүгіров атындағы мектепке арнайы барып, мектептің тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан болатын.
Авторлар: Фариза Мүсілім, Марат Жолдас