Оқушылар қайтадан диктант, мазмұндама, шығарма жазады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қазақстан мектептерінде жазба жұмыстарының дәстүрлі түрлері қайта енгізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, оқушылар қайтадан мазмұндама, шығарма және диктант жазатын болады. Министрдің айтуынша, бұл оқушылардың сауатты жазу дағдыларын дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар, мектеп бағдарламасына бірқатар жаңа пәндер енгізіледі. Атап айтқанда, 5–7 сынып оқушылары «Конституция негіздері» пәнін оқиды. Ал 8–9 сыныптарда «Заң және тәртіп» пәні қосылады. Жоғары сыныптар үшін «Құқық негіздері» пәні міндетті түрде оқытылатын болады.

Тағы бір өзгеріс география пәніне қатысты. Енді 8–9 сыныптарда «Қазақстан географиясы» аптасына екі сағаттан жүргізіледі.

Жалпы алғанда, енгізіліп жатқан өзгерістер оқушылардың білімін тереңдетуге және жазба тілін дамытуға бағытталған. Осылайша, мектептерде бұрынғыдай «қаламмен тер төгетін» кезең қайта оралып отыр.

Дереккөз: Paryz.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар