
Оған төрешінің әділетсіз шешімі себеп болған. Екі команда арасындағы матч 4 сәуір күні Шымкентте өткен. Ойын 1:1 есебімен аяқталған. Бірінші болып қонақтар есеп ашқан. Екінші таймда «Атырау» тағы бір гол соққан. Алайда VAR қарауынан кейін бұл гол есептелмеген.
Кейін қосымша уақыт беріліп төреші Санжар Ысқақов “Атырау” қақпасына пенальти берген. Ордабасылық ойынша 11 метрден соққы жасап, гол тепкен. Осылайша, ойын тең аяқталған.
Десе де футбол федерациясы ойында төрешілердің өрескел қате жібергенін мойындады. Атап айтқанда:
82-минуттағы голды офсайд деп жоққа шығару дұрыс емес;
97-минуттағы пенальти де негізсіз тағайындалған;
103-минуттағы қызыл қағаз орнына сары карточка беру керек еді.
Ведомство бұл қателіктер матч нәтижесіне әсер еткенін мәлімдеді.
Бұл қателікті тіпті «Ордабасының» жанкүйерлері де мойындап, атыраулық командадан кешірім сұрады.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


