
Министрлік мәліметінше, тергеу әлі жалғасып жатыр. Оған қоса тергеушілер қосымша нұсқалар мен жәбірленуші тараптың уәждерін тексеруде.
“Қазір жәбірленуші тарап Нұрайды күдіктінің үйіне алып қашып келген кезде сол маңда болған адамдардың қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеруді сұрап отыр. Бұдан бөлек те бірқатар жайт бар. Біз олардың бәрін толық тексеріп жатырмыз”, – деді Вице-министр Санжар Әділов.


