
«Израиль президенті Ицхак Герцог жемқорлық және алаяқтық дерегі бойынша айыпталған премьер-министр Биньямин Нетаньяхуды кешірмеуі мүмкін», – деп хабарлайды 24.kz.
The New York Times газетінің мәліметі бойынша Ицхак Герцог алдымен Нетаньяхудан кінәсін мойындауын талап етіп отыр. Елдің Әділет министрлігі де оған не кінәсін мойындамай, не қызметінен кетпей заң негізінде кешірім жасалмайтынын хабарлады. Өз кезегінде премьер-министр тағылған айыптарды мойындамай, қызметтік орнын босатудан бас тартты. Израильдің мемлекет басшысы былтыр АҚШ президентінің де кешірім беру туралы өтінішіне құлақ аспай қойған еді.
Дереккөз: 24.kz


