
Қазақстанда мерзімі өткен несие берешегін ұжымдық реттеу тәртібін өзгерту жоспарланып отыр. Жаңа талап екі немесе одан да көп кредиторға қарызы бар, кепілсіз тұтынушылық несие алған азаматтарға қатысты болады.
Егер қарыз алушы кезекті төлемін уақытында өтей алмаса, берешегін келесі төлемге дейін жабуына мүмкіндік беріледі. Ал осы мерзімде де төлей алмаған жағдайда мерзімі өткен қарызды өтеуге қосымша 60 күн беріледі.
Сондай-ақ кредиторлардың өтінішке жауап беру мерзімін 5 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін қысқарту көзделген. Қарыз алушының өтінішін банк немесе микроқаржы омбудсманы қарайды. Жаңа тәртіп 21 қыркүйектен бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.
Дереккөз: @baq_kz


