«Ата-ананың қарауынсыз балалар ағынды суда шомылмауы керек. Тіпті аталған аумақта суға түсуге үлкендердің өзіне рұқсат етілмеген». Осылай деп дабыл қаққан Сарыағаш аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары түсіндіру жұмыстарына шықты. Айта кетейік, Түркістан облысында жыл басынан бері 12 адам суға кеткен.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ерлан Сәрсенбеков