21-мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Айдарұлы аталмыш салада еңбек ететін қызметкерлермен ерекше кездесу өткізді. Дала форматында ұйымдастырылған мерекелік жиында майталман мамандар құрметке бөленіп, Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, мәдениет қызметкерлерін толғандырған өзекті мәселелер де тыңдалды.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Сағындық Ислам