Мәдени ынтымақтастық: Түркияда ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері кездесті

Фото: ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі

2025 жылғы 18 тамызда Трабзон қаласында (Түркия Республикасы) ТҮРКСОЙ Түркі мәдениеті халықаралық ұйымына мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері орынбасарларының кездесуі өтті.

Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, сонымен қатар Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түркіменстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының өкілдері де қатысты.

Сондай-ақ, сапар барысында түрік тарапының шақыруымен вице-министр Сыдықов Трабзон провинциясының губернаторымен және жергілікті атқарушы органдардың басшылығымен кездесулер өткізді.

Кездесуде вице-министр ТҮРКСОЙ ұйымының түркітілдес елдер арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Ол өз сөзінде 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудың маңызына тоқталып, «Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды жария етті.

Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар