Мұнай нарығында Brent пен WTI арзандады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Жұма күні таңертең WTI маркалы мұнай фьючерстері барреліне 90,76 доллардан саудаланды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,80%-ға төмен. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 103,34 доллар болып, 0,90% арзандады. Ал Urals маркалы мұнайдың бағасы 2,55 долларға немесе 2,10% өсіп, барреліне 123,93 долларға жетті.

Brent маркалы мұнай жұма күні төмендегеніне қарамастан, апталық өсімін сақтап отыр. Бұған дейін оның бағасы шамамен 4% көтерілген. Ал WTI маркалы мұнай аз төмендеді.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар