Қаңтардың екісінде батыс жұртшылығы жанармай бағасының екі есе өсуіне байланысты наразылық танытып, митингке шыққан болатын. Жаңаөзендіктерді қолдау мақсатында Қазақстанның кей өңірлерінде де шерулер ұйымдастырылды. Олардың қатарында сарыағаштықтар да бар. Бірқатар қалалардағы митингтің соңы – тәртіпсіздікке ұласты. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел арасындағы түрлі арандатушыларға сенбеуге шақыруда.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Айдос Дәулет