Түркістан облысында «Zhas project» шағын бизнесті қолдауға берілетін грант байқауы басталды. Бұл жұмыссыз жүрген жастарға берілетін зор мүмкіндік. 1 миллион қаржыны жеңіп алу жолы да оңай. Ол үшін тың идеяңыздан жоба құрастырып, 10 тамызға дейін комиссияға ұсынсаңыз болғаны. Бүгін аталмыш жоба бойынша брифинг болып өтті. Тақырыпты толығырақ әріптесім тарқатады.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Нағима Әбдірахым, Асан Қазақбаев