
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!
Түркістан облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдау жүруде.
Конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыруға бағытталған. Аталған конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар және жұмысшы мүшелері қатысады.
Конкурсты өткізу қағидаларымен Түркістан облысының әкімдігінің www.gov.kz сайтынан танысуға болады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар (өтінім, конкурстық материалдар) 2025 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін келесі мекен-жайларда қабылданады:
САРЫАҒАШ АУДАНЫ әкімінің аппараты, Сарыағаш қаласы, Исмаилов көшесі, №37. Байланыс тел.: +7 (72537) 2-26-23;