Мемлекет қаржысын жымқырған есепші сотталды

Бухгалтер мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды, – деп хабарлайды satmedia.kz тілшісі ҚР Бас Прокуратурасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен №96 М.Әуезов атындағы орта мектептің бас бухгалтері сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Мекеменің бухгалтері қызметтік жағдайын пайдаланып, ай сайын өзінің есеп-шотына белгіленген мөлшерден артық ақша аударып отырған.

Барлығы 5,1 млн теңге сомасында аударым жүргізілген.

Аталған факті бойынша тұлға өз кінәсін толық мойындауына байланысты сотпен аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындалды.

Келтірілген шығын мемлекет бюджетіне толық көлемде қайтарылды.

Дереккөз: Шымкент қаласы прокуратурасы

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар