
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис жүргізген келіссөздер қорытындысы бойынша мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегациялар мүшелері келесі ведомствоаралық құжаттармен алмасты:
1. ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Кипр Республикасы Зерттеу, инновациялар және цифрлық саясат кіші министрлігі арасында ақпараттық коммуникациялық технологиялар, электрондық үкімет, ғарыш қызметі және киберқауіпсіздік салалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
2. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Кипр Республикасы Мәдениет кіші министрлігі арасында мәдени ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
3. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Кипр Республикасы Білім, мәдениет, спорт және жастар министрлігі арасында білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
4. ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Кипр Республикасы Білім, спорт және жастар министрлігі арасында спорт саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
5. ҚР Сыртқы сауда палатасы мен Кипр Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы инвестициялық және іскерлік перспективаны нығайту бойынша ынтымақтастық туралы келісім.
Дереккөз: Ақорда


