
Франция құрамасы Марокконы 2:0 есебімен жеңіп, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалисі атанды.
Жеңімпаздар сапынан Килиан Мбаппе мен Усман Дембеле бір-бір голдан соқты. Бұл Мбаппенің турнирдегі сегізінші голы болды. Осылайша ол үздік сұрмергендер тізімінде Лионель Мессимен теңесті.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалдық матчы 19 шілдеде АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласында өтеді.
Дереккөз: t.me/stankznews


