Маңғыстау облысында референдум күні туған балаға Атазаң деген есім қойылды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Ол – отбасындағы тоғызыншы перзент. Ұл бала 4130 грамм салмақпен, 57 сантиметр боймен өмірге келді.

«Ұлымыз ел үшін маңызды күні дүниеге келді. Сол себепті бұл күн отбасымыздың тарихында мәңгі сақталсын деп оған Атазаң деп ат қойдық. Болашақта елін сүйетін, Отанға пайдасын тигізетін азамат болып өссе дейміз», – деді нәрестенің анасы.

Атазаңның бауы берік болсын

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp