Машинист айдалада жалғыз жүрген баланы байқап, пойызды тоқтатты

Фото: Видеодан скрин

Оқиға 20 қыркүйек күні сағат 12:30-да болған. Сарыөзек – Үштөбе учаскесінің Тауарасы – Айнабұлақ аралығында жүк пойызының машинисі теміржол төсемі жанынан Айнабұлақ станциясына жалғыз бағыт алған даладағы төрт жасар баланы байқап қалған, деп хабарлады «ҚТЖ» баспасөз қызметі.

Машинист 38 км/сағ жылдамдықпен қызметтік тежеуді қолданып, пойызды тоқтатқан. Баланы локомотив кабинасына мінгізіп алып, оқиға туралы пойыз диспетчеріне хабарлаған. 4 жасар бала ата-анасымен байланысқан Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырылды.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар