Сарыағаш ауданында қазақ эстрадасының жұлдызды жұптарынан құралған «Махаббат әлемі» атты концерті ұйымдастырылды. Мәдени шараға келген тұрғындар сүйікті әншілерінің өнерін тамашалап, ерекше көңіл күйге бөленді. Сахнада шырқалған әсем әндер мен әсерлі дуэттер көрермендердің жүрегіне жол тапты.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Нұрдәулет Жолбарыс





