Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ауқымды танымдық шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында колледжге келген мектеп оқушыларына оқу орнының материалдық-техникалық базасы мен білім беру бағыттары таныстырылды. Қатысушылар колледждегі заманауи технологиялармен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы