Келес ауданында серуендеуге және жайлы демалысқа арналған жаңа қоғамдық орын пайда болды. Абай ауылындағы «Жеңіс» саябағы ішінен жасөспірімдердің және бүлдіршіндердің уақытын тиімді, әрі қызықты өткізу мақсатында ойын алаңы ашылды. Саябақ іші көркем жарық шамдарымен безендіріліп, келушілердің көңілін көтеру үшін балалар алаңшалары тұрғындарға қызмет етуде. Қалалардағы саябақтардан қалыспайтын ойын-сауық орталығына барып қайтқан тілшіміз толығырақ айтып береді.
Авторлар: Хусниддин Хасанұлы, Айдос Дәулет