Көкпар – қазақ халқының ата-бабадан жалғасып келе жатқан қастерлі ұлттық ойыны, ел бірлігін, ер жігіттің қайратын танытатын спорт түрі. Осы бір ұлттық құндылық Сарыағаш ауданына қарасты Тегісшіл ауылдық округінде кең көлемде дәріптелді. Ауыл төрінде өткен дүбірлі көкпарға ел-жұрт көп жиналып, шад-шадман көңіл күй орнады.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Ережеп Тұрғынбайұлы





