Түркістан облысының полицейлері Сарыағаш ауданында үш алаяқтық қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстады. Жас жігіт жергілікті тұрғындарға «үйге газ құбырын кіргізіп беруге және заңды құжат жасауға» уәде беріп, ақысын алған. Алайда қаражатты алғаннан кейін ізін суытып үлгерген. Қазіргі таңда күдікті қолға түсіп, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Әукен Қадір